Мақала авторы
Адильжан Маратов
СОО “SoftSale”
Google бірнеше жылдан кейін алғаш рет Apple-ді басып озып, әлемдегі ең қымбат брендке айналды
Жарияланды: 16.05.2026
Google компаниясы 2018 жылдан бері алғаш рет Kantar рейтингінде әлемдегі ең қымбат әрі ең мықты бренд атанды.
Google брендінің құны бір жылда 57%-ға өсіп, $1,5 трлн-ға жетті. Сарапшылар мұның негізгі себебі ретінде AI бағытының қарқынды дамуын және Gemini-дің Google экожүйесіне кең интеграциялануын атайды.
Apple 2026 жылы екінші орынға түсті. Бренд құны 6%-ға өскенімен, жалпы бағасы $1,4 трлн болды.
Kantar мәліметінше, дәл AI биылғы технологиялық компаниялардың басты өсу драйверіне айналды.
Google Gemini-ді:
— іздеуге
— Google Workspace-ке
— Android-ке
— cloud сервистерге
— developer құралдарына
белсенді енгізіп жатыр.
Сонымен қатар компания AI-инфрақұрылым мен дата-орталықтарға ірі инвестицияларын жалғастырып келеді.
Рейтингте жаңа буындағы AI-компаниялар да қатты өсті.
Anthropic алғаш рет топ-100 қатарына кіріп, шамамен $97 млрд бағалаумен 27-орын алды.
Ал OpenAI рейтингтегі ең жылдам өсімді көрсетті — бір жылда +285%.
Азиялық технологиялық компаниялар да өсімін жалғастыруда:
— Alibaba +51%
— Xiaomi +48%
— Tencent +45%
Tencent 2023 жылдан кейін алғаш рет әлемдік топ-10 бренд қатарына қайта оралды.
Қазір AI бір “жеке технология” болудан қалып, әлемдегі ең ірі компаниялардың негізгі өсу факторына айналып бара жатқаны анық көрінеді.
Алдағы жылдары big tech арасындағы басты бәсеке пайдаланушылар үшін емес, AI-инфрақұрылым, есептеу қуаты және жасанды интеллект экожүйелері үшін жүретін сияқты.
Жобаңызды талқылайық па?
Не істеу керек?